Дубайда күміс пен қола алды

(0 Votes)

13-15 ақпан аралығында Біріккен Араб әмірлігінің астанасы – Дубай қаласында пара жеңіл атлетикадан «Fazza» әлемдік Гран-при жарысы өткен болатын.

Дәстүрге айналған бұл жарысқа қатысушылар саны жыл сайын арта түсуде. Биыл оған 68 мемлекеттен 524 спортшы қатысты. Осы жарыста Қазақстан құрама командасынан 14 спортшымыз бақ сынады. Мұндай халықаралық сайыс кімнің-кім екенін, дайындығы мен мүмкіндігін көрсететін орын. Әрине, осыншама қатысушылардың арасынан суырылып шығу қазақстандықтарға оңай тиген жоқ. Гран-при жарысында ел намысын қорғаған жігерлі спортшыларымыз 3 күміс пен 3 қола медалді еншіледі.

Оның ішінде атыраулық спортшылар қоржынымызға 4 медаль салды. Солардың қатарында жерлесіміз, Теңіз ауылының тұрғыны Гүлбақыт Қайыржанова да бар. Ерлер арасында Дастан Мұқашбеков ядро итеруден, әйелдер арасында Әлия Раева 200 м қашықтыққа жүгіруден, Гүлбақыт Қайыржанова найза лақтырудан ІІ орын иеленді. Жерлесіміз Гүлбақыт ядро итеруден де ІІІ орын алды. Ал, ерлер арасында найза лақтырудан Руфат Хабибуллин, 200 метр қашықтықты бағындырудан Нәжімеден Төлегенов ІІІ орыннан көрінді. Бұл әрине, 68 мемлекеттің спортшылары қатысқан турнирде жақсы жетістік. Жүлдегерлердің қатарында ауданымыздан бір адам болғаны, сонау Дубайға барғанда құр қайтпағаны пара спорттың біздің өңірде де қарқынды дамып келе жатқанының көрінісі болса керек.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521