banerkzbig

Біз туралы

1930 жылғы 2 тамыздағы Гурьев округтік партия комитеті бюросының Маңғыстау мен Теңізде (бірінші кезекте Теңізде) газет шығаруды ұйымдастыру жөніндегі қаулысы негізінде Теңіз аудандық «Балықшылар үні» газетінің алғашқы нөмірі 1930 жылғы 10 қазанда шығарылды. Газет 1945 жылдың 1 қаңтарында «Социалистік жол» болып өзгертілді.

«Ленин жолы» 1992 жылдың 12 қыркүйегіндегі 74-і санынан бастап «Кеңес үні» атауымен жарық көрді. 1993 жылдың 14 желтоқсанында «Серпер» атауын иеленді.

Газетте Ғабды Аманғалиев, Ш.Молдабеков, Қанаш Есеев, Ү.Нұрмұханов, Әмір Бақыраев, Бәтай Бәйменов, Дініш Жолмұханов, Саламат Хайдаров, Сүндет Ерғалиев, Сақтан Хасанов, Марат Ысқақов, Тұрғанбай Хамеденов, Тұрар Құрманғалиев, Төлеген Берішбаев, Таңатар Дәрелов редакторлық жасады.

Меңдекеш Сатыбалдиев, Шора Тәжімғалиев, Қаһарман Әбуғалиев,  Ынтымақ Миянов, Қисым Ғұмаров, Құрыш Елемесов, Тасмұхан Тінәлиев, Идаят Әжіғалиев, Рахмет Иманғалиев, Амантай Жамалидденов, Жұмақай Ғұмаров, Сәбит Қасымов, Мақсот  Жолжанов, Рахымжан Отарбаев, Сағынтай Қуанышбаев, Нұрлыбек Шайхаденов,  Мадат Сәрсекеев, Асқар Ғұмаров еңбек етті.

Тоқырау аталған 1993-1995 жылдары таралымы 1 мың данаға дейін төмендеген «Серперді» алдырушылар 2006 жылы 4330 дана болса, 2007 жылы 5500 дана болып өсті. Ал, бұл күндері «Серпер» 6 мың дана таралыммен шығу үстінде. Газетті көршілес Астрахань облысының «Красный Яр», Володар аудандарындағы қазақ ағайындар да алдырып оқиды.

«Қазақстан - 2030» - еліміздің даму стратегиясы бойынша ауданның даму стратегиясын насихаттайды. «Тауфих» - ислам дінінің уағызшысы. «Бойтұмардың» міндеті ұлттық, ата-салт дәстүрлерімізді ұлықтау. «Бәйтерек» - аты айтып тұрғанындай Тәуелсіздік  жаршысы. «Ауыл ахуалы» - ауыл адамдарының бүгінгі жай күйі, әлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық жағдайы, жұмыспен қамтылуы, т.с.с. «Экология» - Азғыр-Қиғаш аралығының табиғи тепе-теңдігі, ауа, жер, су тазалығы. «Жандауа» - түрлі кеселдерден сақтандырса, «Өркениет» - Тәуелсіздік жылдарында қол жеткен игіліктердің өрісін ұзартуға арналады. «Кәсіпкер» - шағын және орта бизнес мәселелерін сөз етеді. «Сырсандық» - адамдардың қоғамға, өмірге көзқарасы, еркін ой алаңы. «Тағылым» - замандастарымыздың көнені көріктендіріп, жаңамен тыңдастырған өнегелі істері, тың бастама, озық ой үрдістері. «Баға және жұртшылық», «Халықтар достығы», «Отбасы және демография», «Түрлі тақырып», «Хаттар сыры», т.б. арнаулы беттер де озық ойлы оқырманынан өз бағасын алып жүр, пікір айтып, үн қосушылар да күн санап арта түсуде.

Бүгінгі мемлекеттік газеттер ел Тәуелсіздігінің бұлжымас жаршысы. Өркениет көшін ілгеріге тартып, дамыған елдің жақсысын жарқыратып көрсетіп, кемшілігіне көпшіліктің көзін жеткізіп, салиқалы пікір, салмақты ой айтып, берекелі істерге бағыт беруші. Елбасының, Мемлекеттің сындарлы саясатын жүзеге асыруға бұқараны жұмылдырудың бірден-бір тиімді құралы. Өз аумағында озық ойдың, адал ниеттің, ынтымақ пен бірліктің, жаңашылдықтың ұранды үнін созып, ұлы мұраттарға үндеуде табандылықтан, шынайылықтан айнымаған облыс өңіріндегі бір топ әріптес газеттердің сапында 88 жылдық тарихы бар Құрманғазы ауданының «Серперінің» де лайықты орны бар.

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Директоры: Қайрат Әбуов

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17103 куәлігі берілген. 

Бас редактордың орынбасары-жауапты хатшы: Қанат Зарлыханұлы Ғұмаров

Журналистер: Айбек Әнуарұлы Нәжімов, Айнагүл Күнұзаққызы Шакупова  

Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі, 25 үй. Индекс 060400

Тел: +77123321570, +77123321478.

 

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig