Еңбекші жалпы орта мектебінде республикалық экологиялық сағат ақциясы аясында білім ошағының ауласына 60 түп тал отырғызылды.
Оған педагогикалық ұжым мен оқушылар белсене араласты. Мектеп ұстаздары балаларға ақцияның мақсаты мен міндетін түсіндірді. Бұл игі дәстүр алдағы уақытта да жүзеге асатынына сеніміміз мол.
Құралай Зұлхарнайқызы,
Еңбекші жалпы орта мектебінің оқушысы