Тиімдісі өңдеуші өнеркәсіп

(0 Votes)

«Көрпеңе қарай көсіл», дегендей Президентіміз өзінің Жолдауында экономикамыздың өсуі мен қаржылық мүмкіндіктерімізге сүйене отырып, халқымыздың әл-ауқатын жақсарту бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру міндетін алға тартты.

Мемлекет басшысының пікірінше, шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру, агроөнеркәсіп кешені мен өңдеу өнеркәсібін мей¬лінше дамыту қажет. Шикізатқа байланған экономика тек бір бағытта жұмыс жасайды. Пайдасын көру үшін көп мөлшерде шығарасың. Қандай байлықтың да сарқылмайтын кезі болмайды. Күнделікті өмірімізден мысал келтірсек, біздің кооператив балық аулаумен шұғылданады.

Жалпы, Қиғаш жағасындағы қалың ел су маржанымен нәпақасын айыруда. Балықты аулаған бойда түгелдей тапсырып жібермей өзімізде тұздаймыз. Шағын қалбырларға жауып, жонын арнайы целлофандарға салып та шығарып жүрдік. Бұл өңделген болып есептеледі. Бағасы біз үшін өзге елге шикілей сатқаннан гөрі тиімді. Табан мен қарагөз балықтарын сол күйде тапсыра салсақ, арзанға кетер еді. Бірақ, белгіленген лимит бар, содан артық ауламаймыз. Балық қорын көбейтуге, шабақ құтқаруға, браконерлікпен күреске атсалысып келеміз.

Ал, басқа байлықтарды, мысалы мұнайды шикізат күйінде емес, өңдеп өткізген жақсы болар еді. Өйткені ол балық емес, сарқылса көбейте алмайсың. Қазір біз Ресейге өңделмеген күйінде шығарып, жағармайды сол елден алып жүрміз. Өңдеп сатсақ қара алтынның қорын үнемдейміз, әрі шикізат күйінде сатқаннан бірнеше есе артық пайда табамыз. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіп дамыса өзге елдерге тәуелділігіміз азаяды.

Жұмажан Шакупов,

аудандық мәслихаттың депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521