Мемлекеттік қызметтің жай- күйі және шектеулері

(0 Votes)

2024 жылғы 1 наурыздағыдағы жағдай бойынша Құрманғазы аудан әкімдігіне қарасты аудан әкімінің аппараты, 19 ауылдық округ әкімінің аппараты және 7 дербес бөлім бар.

Штат саны 179 құрайды. Бос орындар саны 17 (тұрақты 10, уақытша 7). Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ерекшеліктеріне негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.

Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік лауазымға тағайындалған немесе сайланған кезден бастап ие болады және мемлекеттік қызметті тоқтатқан кезден бастап одан айрылады. Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерiнің бірі-қызметтік тәртiп пен қызметтік әдепті сақтауға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулердi сақтау болып табылады.

Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты мемлекеттiк қызметшiлердің шектеулері: 1) өкiлдi органның депутаты болуға; 2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға; 3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық өкілеттіктеріне кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; 4) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болуға; 5) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалануға; 6) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; 7) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға құқылы емес.

Сондай-ақ, аталған тізімдегі шектеудің үшінші тармақшасына тоқтайтын болсақ, ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес,мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазымға кірген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда,өз меншігіндегі, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариатта куәландырылуға жатады және шарттың нотариат куәландырған көшiрмесiн мемлекеттiк қызметшi нотариат куәландырған күннен бастап он күн мерзiмде жұмыс орнындағы персоналды басқару қызметіне (кадр қызметiне) ұсынады. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметті атқару кезінде аталған шектеулерді сақтауға міндетті.

Е.Балмұханов,

Құрманғазы әкімі аппаратының персоналды басқарудың

бірыңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521