Құрманғазылық мұғалімдер педагогикалық оқудан 2 орын алды

(0 Votes)

Облыстық  педагогикалық оқулар жыл сайын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚФ «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму»  институты  тарапынан ұйымдастырылады.

28 наурыз Атырау облыстық Ұлттық гимназия базасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын облыстық оқулар «Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен мүмкіндіктері: заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбында өз жұмысын жүргізді. Биылғы педагогикалық оқуларға 17 секция бойынша 200-ге жуық мұғалім қатысты.

Педагогикалық оқулар мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлеріне арналған. Облыстық педагогикалық оқуларға қалалық және аудандық кезеңдердің қорытындысы бойынша I орын алған жеңімпаздар қатысады. Педагогикалық оқулардың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінде тәрбие мен оқытудың өзекті мәселелері бойынша пленарлық отырыстар мен секциялық жұмыстар жүргізіледі және инновациялық жобалар қорғалады, педагогиканың  заманауи мәселелері бойынша коучингтер, шебер-сыныптар  өткізіледі.

Екі күнге созылған іс-шараның қорытындысы 29 Наурыз күні М.Өтемісұлы атындағы академиялық Драма театр сахнасында 2024 жылғы педагогикалық оқулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталды.

Педагогикалық оқуларға ұсынылған жұмыстарды талдау және бағалау үшін құралған Сараптамалық кеңес қорытындысы бойынша педагогикалық оқулардың I орын иегерлері:

1) Білім беру мекемелерінің басшылары секциясы бойынша - Канатова Зирагуль Ерталиевна – Атырау қаласы, №41 Ә.Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназиясы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

2)Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының тәрбиешілері және мектепалды даярлық - Гиниятуллина Гулдана Габитовна – Атырау қаласы, «Мирас» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі;

3) Бастауыш (қазақ, орыс) сынып - Амирханова Айсауле Жолболгановна – Мақат ауданы, М.Баймұханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі;

4) Қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ, орыс сыныптары) пәндері - Якупова Маншук Сагидоллиевна – Атырау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;

5) Орыс тілі мен әдебиеті (қазақ, орыс сыныптары) пәндері - Кабдулкаримова Полина Андреевна – Атырау қаласы, Әл-Фараби атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;

6) Ағылшын тілі пәні - Конисбаева Дария Елтилесовна – Индер ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі;

7) Тарих, Құқық негіздері  - Суатова Фарида Болатовна – Қызылқоға ауданы, Қаракөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі;

8) География, өлкетану пәндері - Бекішева Жанар Бекішқызы – Мақат ауданы, Х.Санбаев атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі;

9) Химия және биология пәндері -  Наурызбаева Мейрамгуль Булатовна – Құрманғазы ауданы, Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектептің биология пәні мұғалімі;

Тажгалиева Бакытгуль Максимовна – Атырау қаласы, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның химия пәні мұғалімі;

10) Математика, физика және информатика пәндері – Егінбаев Ержан Салауатұлы – Атырау қаласы, №41 Ә.Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі;

Егінбаев Ержан Салауатұлы – Атырау қаласы, №41 Ә.Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназияның математика пәні мұғалімі;

Айткулова Асыл Куандыковна – Атырау қаласы, №43 орта мектептің информатика пәні мұғалімі;

11) Мектеп-интернат, түзету педагогикасы - Зайдолла Сайрагүл Балтабекқызы – Атырау қаласы, Облыстық арнайы мектеп-интернатының арнайы педагог-тифлопедагогы;

12) Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары - Мұханбедиярова Ардақ Жеңісбайқызы – Атырау қаласы, Атырау жоғары медициналық колледжінің дәрігер-оқытушысы;

Хатенова Майрагул Мукарамовна – Атырау қаласы, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің информатика пәні оқытушысы;

13)Тәрбие ісін ұйымдастырушылар, сынып жетекшілер, тәлімгерлер, әлеуметік педагогтер - Ахметова Нургуль Мамбетовна – Құрманғазы ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті  пәні  мұғалімі;

14) Музыка пәні және қосымша білім беру ұйымдары - Меңдігалиева Жеміс – Атырау қаласы, №27 Тайманов атындағы орта мектептің музыка  пәні мұғалімі;

15) Көркем еңбек және бейнелеу өнері, сызу пәндері - Куатова Балжан Сергеевна – Жылыой ауданы, №22 жалпы орта мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі;

16) Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәндері -  Бегешов Жеңіс Жинақұлы – Атырау қаласы, №33 Қ.Қайсенов атындағы орта мектептің АӘДжТД пәні мұғалімі;

17) Психология, кітапхана ісі – Куттыгулова Нургул Зулхарнаевна – Атырау қаласы, №36 мектеп-гимназиясының психологы;

Батихова Гулим Жексенбаевна – Атырау қаласы, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің кітапханашысы

Командалық есеп бойынша ең көп марапат иеленген:

1 орын – Атырау қаласы білім бөлімі

2 орын – Құрманғазы ауданы білім бөлімі

3 орын – Индер ауданы білім бөлімі

Педагогикалық оқулар 2013 жылдан бері мұғалімдердің озық идеялары мен үздік тәжірибесімен бөлісетін бірегей алаң болып келеді.

 А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521