Құрманғазыда «Жас ұлан-2024» облыстық слеті өтті

(0 Votes)

Теңіз ауылына қарасты Гагарин атындағы жалпы орта мектепте «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптары мен клубтары арасында «Жас ұлан-2024» облыстық слеті өтті.

Оған Атырау қаласы мен облысқа қарасты аудандардан командалар қатысып, бақтарын сынады. Командалар сапқа тұрғызылып, бас төреші Н.Қабдолов майор Ернар Ғилажеденұлына рапорт тапсырды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалғаннан кейін жүргізуші Р.Тоқаев қатысушы командаларды таныстырды.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Еділ Баяров сөз алып, слетке сәттілік тіледі.

Командалардың жетекшілерін алғыс хатпен ұлығылады. Облыстық білім беру басқармасы балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми практикалық орталығы алғашқы әскери және технологиялық дайындық бөлімінің басшысы Наурызбай Темиров слеттің маңызына тоқталды.

Одан әрі сайысқа әділ бағасын беретін төрешілер таныстырылды. Ашылу салтанаты аяқталғаннан кейін командалар өздерінің реті бойынша әскери маршпен жүріп өтті.

Патриоттық әндер айтып, әскери әдіс тәсілдерді көрсетті. Қатысушылар саптық дайындық, атыс даярлығы, кермеге тартылу, тарихи іздеу-зерттеу жобасын қорғау, әскери кросс кезеңдері бойынша сынға түсті. Әскери клубтардың саптық слетінің жеңімпазы болып бірінші орынға Құрманғазы ауданының Қадыр Мырза Әлі мектебі ие болып, республикалық слетке жолдама алды. Екінші орын Индер ауданы, үшінші орынды Атырау қаласының командасы иемденді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок табыс етілді.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521