Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша 2024 жылғы 22 сәуірде сағат 8-дегі жағдай: Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты болып отыр.
Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 270 см, тәулігіне көтерілу +16 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 141 см құрайды
Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекетіндегі су деңгейі 146 см, тәулігіне +16 см.
Су тасқыны басталғаннан бастап жалпы көтерілу 136 см құрайды.
Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 173 см, тәулігіне +5 см.
Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 76 см құрайды.
22 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 21 750 м3/с құрайды.
Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы