banerkzbig

Ескерткіш – елдің тағзымы

(0 Votes)

Аудан орталығындағы Боздақтар ескерткіші алаңы қосымша жаңа тақталармен толығып, мамыр айында қатар келетін қастерлі қос мерекенің қарсаңында ашылу салтанаты өтті.

Монументтің екі жақ қанатына сталиндік қуғын-сүргін құрбандарына, Чернобыль апаты зардабын жоюшыларға, Ауған соғысында қаза болғандарға және Тәжік-Ауған шекарасындағы бітімгершілік операцияға қатысушыларға арналып гранит тақталар бой көтерді.

Ашылу салтантында аудан әкімі Қайрат Нұртаев құттықтау сөзін арнап, ел тарихында өшпес іздерін қалдырған оқиғаларға мәңгілік тағзым ретінде ескерткіш тақта орнату елдіктің белгісі, ұрпақтың құрметі екеніне тоқталды.

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы қуғын-сүргін құрбандарының ұрпағы Ғилыман Құспанов жазықсыз жапа шеккендерді елеп-ескеріп жатқандары үшін ризашылығын білдірді.

«Ауған соғысы ардагерлері Одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық ұйымының төрағасы Ғабиден Қайыржанов жиналған барша жұртшылыққа, қандыкөйлек қаруластарына бейбіт күннің астында бейнетсіз бақытты ғұмыр кешуде тілек етті. Облыстық Чернобыль ардагерлері кеңесінің төрағасы Болат Дәулетияров құттықтау сөзінде мұндай ескерткіш тақта облыс көлемінде бірінші рет ашылып отырғандығын атап өтіп, орнатуға атсалысқандарға естелік сыйлығын ұсынды.

Астана қаласынан шараға арнайы келген Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушылардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Мұхамеджанов құттықтау сөзінің соңын отты күндерде бірге қызметтес болған жаңаталаптық Забих Дәулетовке бірлестіктің «Қазақ батыры», әскерден аман оралып, кейіннен бақилық болған қаруластарының аналарына «Ана жүрегі» медальдарын табыстаумен аяқтады.

Шарада Ломоносов атындағы орта мектептің әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, мәдениет бөлімінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқады.

А.НӘЖІМОВ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig