banerkzbig

Ертеңгі күннің ырзығы осылай еселенеді

(0 Votes)

«Өзен жағалағанның өзегі талмайды» дегендей, Қиғаш бойын қоныстанған ауылдар тұрғындарының дені балықшылар.

 

Аулау маусымдарының аралығында олар қарап жатпайды, жазда бөлінген көлшіктерден шабақ құтқарса, қыста мұзды тесіп, су маржанының тұншығуына жол бермейді. Ертеңгі күннің ырзығы осылай еселенеді. Бұл орайда «Ақсу-Қиғаш» ЖШС балық қорын молайтуға табиғат пайдаланушы ретінде зор үлес қосып келеді. Серіктестік балықшылары Құрманғазы балық қорғау инспекциясы басшысы С.Тоғаевтың қалың мұзды ойып балықтарды оттегімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы қатынас қағазы келісімен шұғыл жұмыстар бастап кетті.

Ұжымға бекітілген «Круглая», «Новая-Лицевая», «Тимофеев» учаскелерінде мұз астында балықтардың тұншығу қаупін болдырмау мақсатында 8 адамнан бригада жасақталып, жұмыстарына жедел кірісті. Топ жетекшісі Нәсіпқали Құсайынов бастаған жігіттер ауқымды үкілер ойып, айналасында сақтық шараларын алып, қамыс байламдарымен (пушок) белгілер орнатты. Мұз ою жұмыстарына 1 «УАЗ» маркалы автокөлік, 2 «Муравей» мотоциклі тартылған. Аптасына 2 реттен ойықтар (майна) ойылып, мұздары тазаланады.

Жұмыс барысында Құрманғазы аудандық балық қорғау инспекциясының бас маман-ихтиологі Таңатар Қуаналиевтің нұсқаулары мен ақыл-кеңесі ескеріліп отырылды. «Каспий-Балық» өндірістік кооперативі де өздеріне бөлінген «Песок», «Бахыт», «Булгачный» және «Ягодка» учаскілерінде балық аулау бөлімінің басшысы Ж.Жаңылтпашевтің жетекшілігімен осы мақсаттағы жұмыстарды жүргізді. Қарамағындағы А.Қиюазов, Ж.Қодаров, Ш.Ғайнелов, С.Истуллин, А.Ермұханов, Ж.Өтеғалиев, Р.Ермұхановтар сірескен мұздарды қажетті талаптарды сақтай отырып ойып, мұз астындағы балықтарға оттегінің жетуіне жағдай жасады. Бұл олардың үйреншікті істері, күннің суығына қарамастан жылда да жанашырлық танытады да жүреді. Теңіз ауылдық округіндегі «Е.Сәрсенбаев» шаруа қожалығындағы мұндай жұмыстарға Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектептің жоғары сынып оқушыларын тарту дәстүрге айналғандай. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Анесованың айтуынша біріншіден, бұл оқушыларды туған жер табиғатын көздің қарашығындай сақтауға жетелесе, екінші жағынан, еңбекке баулуға көп септігін тигізеді екен.

– Мектебіміздегі әкелер кеңесі төрағасы Қ.Бимұрзаевтың басшылығымен бұл іс жақсы жолға қойылған. Н.Ғизатуллин жетекшілік ететін арнайы «Шабақ қорғау» жобасы жұмыс жасайды. Оның мақсаты қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа сүйіспеншіліктерін ояту, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Үстіміздегі жылдан бастап ауыл маңындағы өзектердегі қалың мұзды ойып, балықтың тыныс алуына жағдайлар жасау қолға алынды. Қожалықтағы балық цехының басшысы Сарсенбаев Ернардың үйретуімен мектептің 8-9 сынып оқушылары ойықтар ойып, төрт жағына өздері шауып дайындаған қамыс бауларынан қызыл мата байлап белгілер қойды, - деді.

А.НӘЖІМОВ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig