Елге әйгілі батырлар мен билердің, өнер мен әдебиет қайраткерлерінің, аудан тарихына, оның экономикалық және әлеуметтік дамуына зор үлес қосқан, айтулы еңбегі сіңген біртуар тұлғалардың кіндік қаны тамған киелі де қасиетті өңірі Құрманғазы ауданының құрылғанына 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Қазақ елінің қанатының қатаюына, іргесінің нығаюына, саяси тәуелсіздігінің орнығып, әлемге танымал болуына аянбай, қажымай еңбек атқарып жатқан, ер мінезді аудан еңбеккерлеріне, тұрғындарына болашақта да асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларының биіктей беруіне тілектеспін. Ерлік дастаны – Егемен еліміз тыныш, іші даусыз, сырты жаусыз болғай. Жаратушы Иеміз Ұлы даламызды дүниенің төрінен көруді жазғай!
Ізгі тілекпен, Құрманғазы ауданының түлегі, «Атырау облысының Құрметті азаматы» Мәннәп қажы Меңдіғалиұлы. Алматы қаласы.
Байланыс номерi :+7 701 666 27 49 +7(7122) 45-85-21
Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС
“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген. Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі, 25 үй. Индекс 060400. Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.