banerkzbig

Балық ауласаңыз, білгеніңіз жөн

(0 Votes)

Облыс көлемінде балықтардың уылдырық шашуға өрістеу мезгілінде кең ауқымды «Бекіре» акциясы өткізілуде. Осыған орай табиғат қорғау заңдылықтарының сақталуы, балық қорғау, браконьерлікке қарсы күрес мәселелері, заң талаптарында көзделген әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы «Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің Құрманғазы инспекциясы бөлімінің басшысы Н.Ашеновпен шағын сұхбат жүргізген болатынбыз.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулауда бір балықшыға 5 дана ілмек қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, спинингтер) қолдануға болады. Балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің резервтік қорында бір балықшыға 5(бес) келіге дейін еш құжатсыз аулауына болады. Барлық кәсіпшілік емес қармақтық аулау құралдары ені 12 миллимитрден артық емес қармақтармен жабдықталады. Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінен қаракөз - 18, көксерке - 37, ақмарқа (жерех) - 41, жайын - 53, шортан - 30, сазан - 40, балпан балық (густера) - 17, ақкөз балық (белогразка)-22, қызылқанат-17, қылыш балық (чехонь) - 26, табан - 24, бершок – 23 сантиметрден асатын мөлшерінде ғана рұқсат етіледі.

Кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесіне енгізілмеген синтетикалық нейлондық, полиамидті және синтетикалық моножіптерден тоқылған (қытай сеткасы) құралдарымен балық аулауға жол берілмейді. Сауда орындарында мұндай аулау құралдары сатылымда табылған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 196 бабымен 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Қиғаш өзенінде, оның барлық каналдары мен өзектерінде сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, 20 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілген.

А.НӘЖІМОВ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig