banerkzbig

Қанат қақты ақ арман

(0 Votes)

Он бір жыл бойына үздік оқып, «Алтын белгіге» қол жеткізгендер мен «Үздік аттестат» иегерлері атанғандарды аудан әкімі Қайрат Нұртаев қабылдау рәсімін жасады.

Озат шәкірттердің ата-аналары, ұстаздары қатысқан жиында аудан басшысы құттықтау сөзін арнады. – Күні кеше облыстық делегация құрамында жаңадан сайланған ел Президентінің ұлықтау салтанатында болып қайттым. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 10 маңызды бағытты атап берді. Соның оныншысы жастарға арналды. Мемлекеттік қызметтегі барлық деңгей бойынша жас, талантты басқарушыларды жылжыту үшін «Президенттік кадрлық қор» құрылды. Бұл Тәуелсіз Қазақстанымызды жарқын биіктерге бастайтын жастарға үлкен сенім артудың айқын көрінісі. Сондықтан да қалаған жоғары оқу орындарыңызға түсіп, елімізді өркендетуге атсалысатын мықты маман болуға талпыныңыздар. Мақсат-бағыттарың айқын, ойларың озық, армандарың биік болсын, - деп түлектерге сәт-сапар тілеп, олардың ата-аналарына, ұстаздарына білімсүйгіш, саналы ұрпақ тәрбиелегендері үшін үлкен ризашылығын білдірді. Содан соң озаттар легін құрмет төріне шақырып, аттестаттары мен ескерткіш сыйлығын тапсырды.

i

«Алтын белгі» иегерлері Диана Құлтемірова (Шортанбай), Артем Горбачев (Шортанбай), Аделя Жұмағұлова (Шортанбай), Ренат Абдрахманов (Крупская), Жаннұр Халықова (Ақкөл), Ақкүміс Сәбитова (Ақкөл), Ақерке Амангельдиева (Манаев), Аяжан Ирланова (Манаев), Мәдина Василий (Нұрпейісова), Гүлімжан Нұрбақыт (Алтынсарин), Мұхамед-Әли Хамзаев (Абай), Махамбет Теміртасов (Сәрсенбаев), Әйгерім Әмірова (Сүйіндік), Айкөркем Бақтыгерей (Сүйіндік), Нұржахан Ғалымова (Әуезов), Анна Латышова (Әуезов), Нұрайлым Қабдығалиева (Әуезов), Аяжан Әдебиетова (Әуезов), Арман Патихуллаев (Қиғаш), Ақнұр Серікқалиева (Имашев), Салтанат Таупихова (Имашев), Жұлдыз Махмудова (Еңбекші), Ерке Рамазан (Гагарин), Ақжарқын Қуанышева (Балқұдық), Саида Құрманбаева (Шортанбай), «Ерекше аттестат» иегерлері Дильназ Қуанышкереева (Ломоносов), Зарина Шайхоллаева (Сүйіндік), Мәдина Махсотова (Қиғаш), Аружан Әбдіқапарова (Абай), Ләззат Көбесова (Ақкөл) әкімнің қолынан марапаттарын алды.

i

i

Аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов, ардагер ұстаз Нұрлығайын Нұғыманов, ата-аналар атынан Шынар Ержанова сөз алып құттықтау тілегін жеткізді. Мектеп бітіруші түлек Махамбет Теміртасов осы бір мерейлі сәтке жеткізген аяулы ұстаздарына шәкірттік мың сан алғысын білдіріп, білімді азамат ретінде елінің өркендеуіне сүбелі үлесін қосатынына сендірді. Алабұртқан сезімге толы ақ армандар болашаққа осылай қанат қақты.

i

А.НӘЖІМОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig