banerkzbig

Адал жолмен тапқан ас тәтті

(0 Votes)

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – барлық мемлекеттік органдар алдындағы басты міндет және мемлекеттік қызмет саласында таза жолмен жүріп, адал қызмет ету-парыз.

Бұл бағытта Ақкөл ауылдық округі бойынша қазіргі қоғамның дертіне айналған қасіреттің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында тиісті шаралар ұйымдастырылуда. Ағымдағы жылдың 25 шілде күні Ақкөл мәдениет үйінде округ тұрғындары арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен жасақталған «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын іске асыру мақсатында округ мамандарының ұйымдастыруымен брифинг өткізілді.

Бұл жобаның негізгі мақсаты қоғамда құқық бұзушылықты бірлесіп жоюға шақыру және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Жоба казіргі таңда республиканың барлық аумақтарында жүзеге асырылуда.Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да онымен күресті тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп бойымызды аулақ салмай, бірлесе күресу баршамыз үшін маңызды іс. Осыған байланысты округте барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсінік жұмыстар жүріп, мемлекеттік органдарда, денсаулық сақтау ұйымдарының және басқа да әлеуметтік нысандарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған баспа материалдарын, көрнекілік жадынамаларды тарату жолға қойылған. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерінің нәтижесі болар, өткен жыл ішінде ауыл тұрғындарынан ешқандай шағым ұсыныс-пікірлер түскен жоқ.Сыбайлас жемқорлықтың алдыналу және ауыл тұрғындарымен үгіт-насихат жүргізу мақсатында ауыл көшелеріне бильбордтар орналастырылды. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты–мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Гүлбану БАЯНОВА

Ақкөл ауылдық округінің бас маманы.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig