banerkzbig

Ақкөлде жаңа спорт кешені ашылды

(0 Votes)

Ақкөл ауылдық округінде жаңадан бой көтерген заманауи үлгідегі спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Бұл ауданымызда осымен төртінші рет пайдалануға берілген әлеуметтік нысан.

img_6592

img_6598

Тұрғындар мен спортшылар алдында алғашқы құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Қайрат Нұртаев: - Елімізде әлеуметтік жағдай түзелген сайын дене шынықтыру мен спорттың осындай ғимараттарының салынуы жастардың салауатты өмір салтын ұстануына кең мүмкіндік туғызуда. Мынау соның нәтижесі. Бұл игі шаралар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолдауымен жүзеге асуда. Аумағы 756 шаршы метрді құрайтын нысанның құрылысына облыстық бюджет есебінен 210 млн. теңге қаржы жұмсалды.

img_6603

img_6604

Балаларымыз білімнен, спорттан болсын ешбір елдің ұландарынан кем түспеуі қажет. Сондықтан, жастар мынау сәнді ғимараттың игілігін көріп, бұл жерден жақсы спортшылар өсіп шықсын, - деген ізгі тілегін білдірді.

img_6610

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ренат Ибрагимов, Ақкөл ауылдық округінің әкімі Бисенбай Рамазанов, нысанның құрылысын жүргізген мердігер мекеме «Горизонт-С» ЖШС директоры Серік Құрманәлиев жүрекжарды лебіздерін ортаға салды. Спортты өмір бойы жанына серік еткен жасы 90-ды алқымдаған еңбек ардагері Жігер Досполаев әлі күнге жүгірістен қалмайтынын жеткізіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, ақ батасын берді. Жаңа нысан алдындағы керілген лентаны аудан әкімі Қайрат Талапұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ренат Ибрагимов, ауыл ардагері Әбубәкар Юсупов қиды. Қос қабатты ғимарат 3 жаттығу залынан тұрады. Жаңа үлгідегі спорттық құрал-жабдықтарымен көз тартады. Сыртта футбол алаңы да бар. Ашылу салтанатынан соң, спорт кешенінде волейболдан аудандық жарыстың алғашқы ойыны да басталып кетті.

img_6619

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig