banerkzbig

Жаңа ықшам аудан құрылысымен танысты

(0 Votes)

Талқайраң ауылында 24 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Алимұхаммед Құттұмұратұлы жаңадан салынып жатырған ықшам ауданның құрылыс жұмыстарымен танысты. Қалалық құрылыс бөлімінің мәліметінше, жалпы ауданы 62 гектар болатын жерге 45 пәтерлік 24 бес қатарлы тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Барлығы 1080 пәтерлік тұрғын үйдің жалпы ауданы 56 мың шаршы метр болмақ.

zhastar

-Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Келесі жылы да жұмыстар жалғасатын болады. Тапсырыс беруші- "Қалалық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі. Жоспар бойынша, "Жастар" ықшам ауданында әлеуметтік нысандар: емхана, балабақшалар, мектеп пен спорт залдары салынатын болады. Сондай-ақ, саябақтар мен балалар ойнайтын алаңдар салынады ,- дейді қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айбек Жәлелов.

zhastar2

Атырау қаласының әкімі тапсырыс беруші мен мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытылы тапсыруын айтты.

zhastar3

Сонымен қатар, жаңадан салынып жатырған "Жастар" ықшам ауданында 5076 пәтерлік тоғыз қабатты 46 тұрғын үй салу үшін ЖСҚ жасақталуда. Жаңа ауданда тұрғын үйдің пайдалануға берілуі Атырау қаласындағы 20 мың  кезекте тұрған  тұрғандардың санын едәуір қысқартады деп жоспарлануда. Пәтерлер мемлекеттік бағдарламалар бойынша, ипотекалық несие негізінде, сондай-ақ жалға берілетін тұрғын үй түрінде берілетін болады.

zhastar4

«Жастар» ықшам ауданының атауы ҚР жастар жылына орай арнайы таңдалған.

zhastar5

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig