Қиғаш және Шароновка өзендеріндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 27 сәуірде сағат 8-дегі жағдай:

Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты.  

Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 325 см, тәулігіне көтерілу +8 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 196 см құрайды.

Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекетіндегі су деңгейі 196 см, тәулігіне көтерілу +8 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 186 см құрайды.

Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 197 см, тәулігіне +4 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 100 см құрайды.

27 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 25 510 м3/с құрайды.

Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521