banerkzbig

Атырауда әскерге шақыртылған 30 сарбаз әскери қызметін өтеуге аттанды

(0 Votes)

Атырауда ҚР Қарулы Күштеріне күзгі шақырту жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 15 қазан күні Жеңіс саябағында әскерге шақыртылған 30 сарбазды Жамбыл облысына аттандыру үшін салтанатты шара өтті. Шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев, сондай-ақ, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев қатысты.

1

Шараның құрметті қонақтары сарбаздарға әскери міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, абыроймен Отан алдындағы борышын өтеп келуді тіледі.

2

- Бүгін өмірлеріңіздегі ең маңызды күн. Өйткені, бүгін сіздер Отан алдындағы борыштарыңызды өтеу үшін басқа аймаққа аттанасыздар. Көпшілігіңіз бірінші рет жақындарыңыз бен туыстарыңыздан жыраққа кетіп барасыздар. Сол себепті, бұл тек сіздерге емес, ата-аналарыңызбен, аға-бауырларыңыз үшін де сынақ. Сондықтан, сіздер өздеріңізге берілген жауапкершілікті абыроймен атқарып, «Отан қорғаушы» деген лауазымды атақпен оралуларыңыз тиіс, - деді Жұмабай Қарағаев.

3

Қазіргі таңда ҚР ҰҚК Шекара қызметіне Атырау облысынан 140 әскерге шақыртылушы Отан алдындағы борышын өтеуге кетті. 15 қарашаға дейін облысымыздан ҚР Қарулы Күштеріне 250 әскерге шақыртылушы жіберілетін болады. Жалпы, 2019 жылдың күзгі шақыртылуына Атырау облысынан 700-ге жуық сарбаз аттанады деп күтілуде.

- Әскерде қызмет ету кез-келген азаматтың борышы деп есептеймін. Мен дене шынықтыру тестілерінен, медициналық тексерістерден сәтті өттім. Отбасымда әкем де, анам да әскери қызметкер болғандықтан, мен де сол салада еңбек еткім келеді, - дейді әскерге аттанушы Нұрбек Дүйсенбай.

5

Айта кетейік, шараның ұйымдастырушы Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті. Шараға Х.Досмұхамедов атындағы АМУ әскери кафедрасының студенттері, Ұлттық гвардияның 5546 әскери бөлімінің оркестрі және «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері,сондай-ақ, әскерге шақыртылушылардың жақын туыстары қатысты.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет:ӨКҚ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig