banerkzbig

200 теңгенің тиынға айналуы нені білдіреді – экономистер түсіндірді

(0 Votes)

Сарапшылардың пікірінше, қағаз ақшаның тез тозуынан бөлек, соңғы уақытта ұсақ ақшаның тапшылығы да 200 теңгелік монетаның айналымға енуіне түрткі болған.

2020 жылдан бастап 200 теңгелік қағаз ақша темір монетаға айналады. Ұлттық банк мұны қағаз ақшаның тез тозуымен түсіндіріп отыр. Десе де, көптің көкейінде "бұл теңгеміздің құнсыздануын білдірмей ме?" деген сауал жүргені анық. Sputnik Қазақстан тілшісі осыған жауап іздеп, бұл шешімнің түпкі себебін экономистерден сұрап көрді.

Уақыт талабы

Белгілі экономист Мақсат Халық қағаз ақшаның монетаға ауысуын инфляцияның салдарымен байланыстырып отыр. Айтуынша, бұл теңгенің құнсыздануынан орын алып отырған процесс.

"Бұл әлемде қағаз ақшасы бар елдердің көпшілігіне тән құбылыс. Ең алғаш теңге шыққан кезде, қазіргі тиындардың өзі қағаз ақша болатын. Кейінірек теңгелеріміз тиынға айнала бастады. Біраз уақыт бұл тенденция сақталды. 20 мың теңгелік банкнот пайда болған кезде-ақ, халық арасында енді 200, 500 теңге де тиынға айналады деген пікір тараған еді. Яғни елде саналы түрде дайындық болды. Десе де, ұлттық банк бұл үрдісті кешеуілдетті. Кім білсін, теңге еркін айналымға өтіп, девальвация орын алып жатқан кезде, 200 теңгені тиынға айналдырып жібергенде, халыққа саналы түрде ауыр тиер ме еді. Сондықтан бұл процесті кейінге қалдырған болар", - деп ойлайды экономист.

Сарапшының пікірінше, соңғы кездері ұсақ ақшаның тапшылығы да 200 теңгелік монетаның айналымға енуіне түрткі болған. "Қағаз ақша айналымнан тез шығып қалады. Жыртылады, тозады. Ал монетаның бір жақсы жері ұзақ уақыт қызмет ететінінде. Осы тұрғыдан алып қарағанда, 200 теңгені тиынға алмастыру тиімді", - деді Мақсат Халық.

sputniknews.kz

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig