Жыламашы, Софья апа!

(0 Votes)

Нұржауда тұратын газетіміздің штаттан тыс авторы, «Атырау» мен «Серпердің» сенімді жанашыры Софья Мырзағалиева апай телефон шалды.

Ар жақтағы дауысы сөзін әрең түсіндіреді. Еңірегенде етегі жасқа толып тұрғанын бірден байқап: - Софья апа не болды, сабырға келіп, түсіндіріп айтсаңызшы,-деп жік-жапар болып жатырмыз. Апамыз еңкілдеуін қоя алар емес. Ұққанымыз: Бір кезде ауданның айтыс ақыны болған, талантты қызы Жазира Қайбалдиева сол Арысқа тұрмыстанған екен. Сол Арыста үй-жайлары, ағайын-туыстары бар, күйеу баласы Асылбек екеуі бақытты тұрмыс кешуде. Жазирасы оңтүстіктің абыройлы келіні, үлгілі ұстаз, төңірекке жұғымды, Арыстың намысын аламан айтыста тайсалмай қорғайтын ақын атаныпты.

Міне, көрдіңіз бе, аяқ астынан болған қатерден үй-жайлары қираған, тірліктеріне нұқсан келген. Құдалары да жан сауғалап жан-жаққа қашқан. Мұны естіген сәби көңіл, біреуге болсыннан басқа ештеңе ойламайтын Софья апа жыламағанда, кім жылайды.

Жақында төрт бірдей жиендер Абдрахман, Абдолла, Бибіфатима, Ахмет каникулға келмекші екен, аңқылдаған нағашы әжесін сағыныпты. Енді көрмейсің бе, аяқ астынан туындаған ойран, барлық ой-арманның күй талқанын шығарыпты.

Дегенмен, ардагер ұстаз бір кезек есін жинап, облыс бойынша қолға алынған шараларға риза екенін айтты. Аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлының тез алған шешіміне көңілі толыпты. «Бақыты өрлей берсін, отбасы, өз басы аман болғай, елді осындай азаматтар басқарып тұрса, бәрі де реттелер»,-дейді қайыра жылап.

«Жыламашы Софья апа, құрманғазылықтар да қарап қалар емес, қалтаға қолды салып жатырғандар қатары ұлғайып барады. Асылбек – Жазираның үйі қаліпке келіп, бастарына шаттығы ертең ақ қайта орнайды. Көріңізде тұрыңыз! Тек сен жылай көрмеші, ел-жұртқа жүрегіңізді жапырақтай үлестірген жанашыр апа! Ұлт ұйысып, ел қолдап жатыр, күні ертең ақ Арыстың әні қайыра шырқаларына кәміл шанымды болыңыз.

Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521