Жұмыссыз болсаң бізге кел!

(0 Votes)

Ауданымызда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында мамандығы жоқ немесе екінші мамандық алғысы келетін жұмыссыздар қысқа мерзімдік курстарда оқытылуда.

Екінші мамандық алып беру мемлекет пен жұмыс берушілер тарапынан нәтижелі жүзеге асырылып келеді. Оның айғағы өткен, 2017 жылы ауданымызда 170 жұмыссыз адам Құрманғазы агротехникалық колледжінде тракторшы, электрик, темір пісіруші, аспаз, шаштараз, суда жүзу құралдарының жүргізушісі мамандықтарын тегін оқып, тең жартысы сол жылы жұмысқа орналасты. Биылда осы бағытта аталған оқу орнында қазір 3 топта 46, Атырау қаласындағы оқу орталықтарында 3 адам қысқа мерзімді курстарда оқуда. Сонымен бірге биылғы жылдан бастап қосылған Атырау қаласындағы оқу орталығында оқып «құбыр жөніндегі құрастырушы», «темір пісіруші (сварщик)» мамандығын алған адамдарды курсты бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыруды оқу орны өз мойынына алып отыр. Оқу мерзімінде ай сайын 16700 теңге шәкіртақы, біржолғы 9620 теңге жол шығыны, ай сайын 24050 тұру шығыны үшін мемлекет есебінен жәрдемақы төленеді.

Өткен жылы осы бағытта жұмыс беруші компаниялар арқылы 45 адам 2 айлық «құбыр жөніндегі құрастырушы», «ағаш шебері» мамандықтарына тегін оқып, кейіннен оның 23-і сол компанияларға жұмысқа орналасты. Биылғы жылы жыл басынан бері 52 жұмыссыз осындай тегін оқу орындарына оқуға жіберіліп, оның 46-сы оқуын аяқтады, 26-сы жұмыспен қамтылды. Сонымен бірге жұмыс жасаймын деген мамандығы жоқ жұмыссыздарды да арнай техника қауіпсіздігі сабақтарын оқытқаннан кейін жұмысшы ретінде жұмысқа алып жатырған жұмыс берушілер бар. Мәселен, биыл сәуір айында «Консолидейтид Контрактинг инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л Офшор» компаниясы ұсынған бос жұмыс орындарына ниет білдірген жұмыссыздар есебінде тұрған 115 азамат жолданды. Аталмыш компанияда тестілеуден өткен соң «ағаш шеберіне»-2, «мінбе сатысын құрастырушыға»-1, «дәнекерлеуші»-2, «аспазшы»-1 және «жұмысшы» қызметіне қойылған талаптарға сәйкес келетін және медициналық сараптамадан рұқсат алған 17 азамат, барлығы 23 азамат аусымдық жұмысқа орналастырылды. Осы жұмысқа орналасқан азаматтардың ішінде Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жұмекен ауылының тұрғыны Қуаныш Шайхиев жақында орталыққа келіп компаниядағы жұмысы жақсы екендігін, оны атқаруға барлық жағдай жасалғандығын, табысы да өзін толық қанағаттандыратынын айтып, ауылда жұмыссыз жүрген кезде жұмысқа орналасуына ықпал жасаған жұмыспен қамту орталығына өзімен қатар орналасқан бұрынғы жұмыссыз азаматтар атынан ризашылығын білдірді. Алға қарай да өзі секілді жұмыссыз азаматтарға орталықтың көмегі арта беруін тілеп, ұжымға сәттілік тіледі.

Тілекші Азимжанова,

Орталық маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521