Құрметті құрманғазылықтар!

(0 Votes)
Барша құрманғазылықтарды ауданның құрылғанына - 90 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Тоғыз жолдың торабындағы еліміздің батыс қақпасы саналатын киелі өлке өзінің тамылжыған тамаша табиғатымен, стратегиялық маңызы бар географиялық орналасу ерекшелігімен де дараланады. Бір кездері Еділ өзенінің бір саласы - қарт Қиғаштың жағалауында алқа-қотан қоныстанған отырықшы ел балық кәсіпшілігімен айналысып, тіршілік тінін жалғастырса, Тәуелсіздік жылдары экономикасы қарыштап дамып, жаңа өндіріс орындары ашылып, гүлденген өңірге айналды. Сонау қия шеттегі Азғыр аймағының да сан жылдар бойы қордаланған проблемалары біртіндеп шешіліп, ақ шағылдарды көктей өтіп, ауылға табиғи газ жеткізілуі - ерлікке пара-пар іс дер едік. Сондай игілікті істердің басы-қасында өзіңіз жүріп, қарапайым халықтың алғысына бөленіп жүргеніңізді әріптес ретінде әр кез мақтан тұтамыз. Ауданның мерейі - Сіздің де мерейіңіз. Ақ селеулі далаларында Құрманғазы бабамыз бен Дина әжеміздің күйлері дамылдаған, топырағында талай тұлпарлардың ізі қалған, Жұмекен мен Әбудің рухты, сыршыл өлеңдері жүректерге қонақтап, рухани жаңғырып жатқан жасампаз елге жолдаған ару Жайықтың бойын жағалай жайлаған дулығалы батыр Махамбет елінің сәлемін қабыл алғайсыз! Той тойға ұлассын! Махамбет ауданының әкімі Жәрдемғали Бахуұлы Ахметов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521