Рейд ұйымдастырылды

(0 Votes)

Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшелері аудандық полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп қолайсыз отбасы есебіне тіркелгендердің тұрғылықты жерлерін аралап, кәмелетке толмаған жеткіншектердің күнделікті өмір тіршілігін көзбен көру, мектепке барғанын қадағалау, ата-анасының үнемі назарында болуын тексеру мақсатында рейд ұйымдастырды.

Құрманғазы ауылдық округінде тұратын тұрмысы төмен және қолайсыз отбасылардың үйлеріне барып, балалардың өмір сүру жағдайларын тексерді. Есепте тұратын отбасылардың басым бөлігінде ерлі-зайыптылар ішімдікке салынып кеткен. Ащы судың әзәзіліне іліккен анасы не отағасы балаларының тағдырына немқұрайлы қарайды. Жаңа оқу жылы басталды. Бала сабағына барып жүр ме, жылы киімі бар ма, үйінде ішетін асы бар ма – рейд кезінде осының бәрін тексерілді. Ата-аналарға олардың негізгі міндеттері түсіндіріліп, басым бөлігімен жеке әңгімелесулер жүргізіліп, кейбір мәселелерге қатысты нақты кеңестер берілді.

Арнайы рейд барысында байқағанымыз, бұрын аяғын шалыс басқандар, қазір қателіктерін түсінген, жақсы күндерге ұмтылатындықтарын аңғартып жатқандар та табылды. Ең бастысы, біз осыған қуандық. Ал бірақ кейбіреулерінің бұл жағымсыз әдеттен әлі күнге арыла алмай келетінін көріп көңілімізге кірбің ұялады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521