«Парасыз Армия»

(0 Votes)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның кезектен тыс он үшінші отырысына Атырау гарнизоны Әскери полиция бөлімшесінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі) офицері, әділет аға лейтенанты Е.Мерекеев қатысты.

Аталмыш лауазым иесі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 34 тарауының 676, 677, 678 баптарына және ҚР Қылмыстық Кодексінің 15-ші тарауының 366, 367, 368, 369, 371 баптарына түсінік бере отырып, қылмыстың алдын алу негіздері бойынша дәріс оқыды. Мәселеге орай сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Комиссия отырысына бөлім қызметкерлері, аудандық медициналық комиссия бастаған құрамы да түгел қатыстырылды. Күн тәртібі қорытындыланған соң мемлекеттік қызмет көрсетуде және оның сапасын арттыруда бөлім ішінен лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа жол берілмеуі қадағалансын деген шешімі алынып, таныстырылды.

Асыланбек Шарипов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521