Отан қорғау – қасиетті борыш

Аудан тынысы

Құрманғазы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халқына Үндеуін жеке құрам арасында өзара талқыланды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері де тың бастамаларымен толықтырылғаны қаперге берілді. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқаны үшін оларға қандай құрмет көрсетсек те жарасымды. Елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қас қақпай күзетіп, қорған болған ұлттық әскеріміздің атқарып жатқан игі істері әркез мақтануға тұрарлық. Кез келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару алу емес, туған жеріңнің дамуына, көркеюіне өз үлесіңді қоса білу.

«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» демекші, бүгінгі жас ұрпақ «Отаныма қандай жақсылық жасай аламын?» деген ойды әркез естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ол өз елінің нағыз ұлтжанды азаматы болып өседі. Сонау сұрапыл соғыс кезінде қаншама өрімдей жастарымыз қасиетті Отан үшін жандарын пида етіп, қыршындарынан қиылды. Майдан шебінде өз өмірлерін құрбан еткен ерлер есімдері мен ерліктері ел есінде мәңгі сақталады.

Н.МУРЗАҚАНОВ,

Құрманғазы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы.