Мақаш салдырған мектепте болды

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов 1895 жылы орыс-қырғыз училищесі ретінде халық ағартушысы Мақаш Бекмұхаммедов әкім салдырған мектепте болды.

Тарихы өткен ғасырдан бастау алатын бұл білім ордасы 1918-1933 жылы мектеп-коммуна, 1933-1986 жылдары Абай атындағы орта мектептің жатақханасы, 1986 жылы өнер мектебі болған. 2014 жылы сәуірде жоғары жағын өрт шалып, былтыр күрделі жөндеуден өткен бұл ғимаратта бүгінде балалар кітапханасы орналасқан. Іші кең, балалар емін-еркін кітап оқу үшін барлық жағдайлар жасалған. 24175 дана кітап қоры, 2730 оқырманы бар. Аудандық орталық кітапхананың директоры Бақыт Ғабдолованың айтуынша болашақта мұнда кукла театры да ұйымдастырылмақ.

Сенат депутаты Сәрсенбай Құрманұлы Мақаш мектебінің облысымыз бойынша ғасырдан аса тарихы бар көне қастерлі орын екенін, кезінде осында балалар жатақханасы болғанын тебірене еске алып, қатысып отырған оқушыларға кітаптармен дос болуға кеңес берді. Жөндеу жұмыстарының жақсы, сапалы жүргізілгені үшін облыс, аудан басшыларына ризашылығын білдіріп, балалар кітапханасына естелік ретінде Мақаш әкімнің ұрпағы Еркін Бекмұхамедовтің «Потомственный дворянин Мухамеджан Бекмохаммедов» атты кітабының бірнеше данасын тарту етті. Мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге атсалысқаны үшін аудандық орталық кітапхананың директоры Бақыт Ғабдолова кітапхана қызметкерлері, Ломоносов орта мектебінің мұғалімі Рита Каримова ұстаздар атынан сенатор Сәрсенбай Еңсегеновке алғыстарын жеткізді.

Толығырақ «Серпер» газетінің алдағы нөмірлерінен оқисыздар

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521