Кенеден келетін кесел

(0 Votes)

Мүйізді ірі қара пироплазмозы жіті түрде өтетін қарапайым паразиттерден болатын аса қауіпті ауру.

Малдың организіміне кенелер тасымалдап енгізеді. Әсіресе шілде айында ауру кең тарайды. Аурдың жасырын кезеңі 8-15 күн. Әдетте бұзаулар мен 1 жасқа дейінгі малдар арасында ауру жеңілдеу өтеді.

Ауруға шалдыққан ірі қара малының дене қызуы 41-42 градусқа дейін көтеріліп, тәбеті төмендеп, жүрек соғысы және тыныс алуы жиілейді. Егер жедел жәрдем көрсетілмесе мал қатты күйзеліп, зәрінің түсі қызыл түске боялады. Ауру асқынған жағдайда баяу қимылдап, басын төмен ұстап көбіне жатып алады. Көзінің кілегей қабықтары сарғайып, мес қарын қозғалысы тоқтап, жүрек соғу ырғағы бұзылады. Ақыр аяғында өлім-жітімге әкеліп соқтырады.

Сауығып кетуі үшін малды оқшаулап, салқын сумен, көк шөппен, кебек быламығымен, сүтпен, оның сарысуымен азықтандырған жөн. Ауру қоздырғыштарына қарсы димизон, азидин, неозидин, неозидин-М дәрілері 3,5 мг/кг есебінен 7% ертіндісін пайдаланады. Қанға глюкоза ерітіндісн және әртүрлі витаминдерді қоса енгізген жөн. Малға жабысқан кенелерді жою және шабуылын болдырмау үшін хлорофос, децис, бутокс, диазинон, эктоват, неоцидол препараттарының судағы ертінділерінің 0,5-2 литрін малдың тұрқына, салмағына қарай 4-5 күн сайын денелеріне жағады. Ескеретін жайт, дайындалған ерітінділерді күн көзінде, ыссы жерде сақтауға болмайды.

Н.Кабдешов, аудандық ветеринария бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521