Есірткі пайдаланған 2 адамның үстінен іс тіркелді

Аудан тынысы

Аудандық орталықтандырылған кітапханада «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Алдымен аудандық емхананың нарколог-дәрігері Талап Сисенәлиев есірткінің шығу тарихы,оның таралуы мен түрлері, адамға келтіретін зияндылығы жөнінде әңгімелеп, өскелең ұрпақтың жаман әдеттен бойларын аулақ ұстап, салауатты өмір салтын сақтауға, спортпен айналысуға шақырды. Аудандық ішкі істер бөлімі есірткіге және наркобизнеске қарсы күрес бөлімшесінің қызметкері Айбек Қисамеденов өңірдегі ахуалға тоқталып, былтыр нашаны пайдаланғандардың үстінен 2 іс тіркелсе, биылғы жылдың 6 айында да осындай көрсеткіш сақталып отырғанын қаперледі.

i

Аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Дархан Ерғазиева орталықтың ұйымдастыруымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

i

Дөңгелек үстел барысында бұл зиянды әрекеттің құрбаны болған жастар жайында бейнеролик көрсетіліп, кітапхана қызметкері Светлана Өтемұратқызы «Нашақорлық – қайғылы қасірет» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Абай атындағы жалпы орта мектептің оқушысы А.Қабекешова «Біз есірткіге қарсымыз!» атты өлеңді мәнерлеп оқыса, «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері тақырыпқа орай өздерінің тұшымды ой-пікірлерін ортаға салды.

i

А.Шакупова