Еліміз өркендеп, дами берсін!

Аудан тынысы

Құрманғазы ауылдық округінде орналасқан №170 сайлау учаскесінде 1574 сайлаушы тіркеліпті.

Учаске басшысы Нұрболат Өтегеновтің айтуынша таңертеңгі сағат 7-де, Әнұранымыз орындалып жатқанда Саламат Сәрсекеев, Сағадат Тайыров жолдасы Шолпанмен және басқа да бір топ үлкендеріміз келіп, бірінші болып дауыс беріпті. Учаске басшысы бұған дейінгі сайлауларда халықтың белсенділігі осындай жоғары болмағанын жеткізді. Таңертеңгі 10-ға дейін барлық сайлушылардың 19,6 пайызы өз таңдауын жасаған. Бір жақ шеттегі үстелде байқаушылар отыр. Біз барғанда да дауыс берушілердің қарасы үзілмеуде. Солардың бірін сөзге тарттық.

– Мен, Сәдіржан Бектеміров Абай атындағы орта мектепте 30 жылдан бері ұстаз болып жұмыс жасаймын. Бүгін Қазақстан Республикасының Президентін сайлау күні, сондықтан сіздерді мерекемізбен құттықтаймын! Бұл шешуші сәтте Отанын сүйетін әрбір патриот сайлаудан тыс қалмайды, өзіне ұнаған үміткерге дауысын береді деп есептеймін. Жақсылық болсын, елімізге береке толсын! Бәрі ойдағыдай өтеді деп ойлаймын. Сайлау алдында барлық үміткерлерге тең дәрежеде үгіт-насихат жұмыстары жүрді. Олардың сайлауалды бағдарламаларымен жақсы таныспыз. Қазір ғана өз таңдауымды жасадым. Еліміз өркендеп дами берсін!, - деді ағамыз.

Қ.ҒҰМАРОВ