Еңбек адамының құқығын қорғау – басты назарда

Аудан тынысы

Еліміздегі ең үлкен қоғамдық ұйым – Кәсіподақтар федерациясы ұсынған кандидат Амангелді Таспиховтың Атыраудағы аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі, облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұқанов ауданымызға келіп, ғасырдан астам тарихы бар Абай атындағы жалпы орта мектептің ұжымымен кездесті.

Білім қызметкерлері кәсіподақтары Құрманғазы аудандық комитетінің төрағасы Әуез Ізжанов кандидаттың сенімді өкілін таныстырып, сөз кезегін ұсынды. Ізтұрған Баймұқанов үміткердің тұғырнамасындағы көтерілген мәселе¬лерді баяндап, еңбек адамдарының құқығы мен мүдделері, ұжымдық шарт мәселесі, еңбек заңнама¬ларына жеке-жеке тоқталып, бүгінде олардың қоғамдағы өзектілігін сөз етті.

Еліміздің ең жоғары лауазымына кандидат Аманкелді Таспихов жосықсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға, жұмысшылардың еңбек құқын қамтамасыз етуге, лайықты жалақының төленуіне, еңбек миграциясын реттеуге күш салғалы отыр.

Платформаның негізгі бағыттарын талқылаған педагогикалық ұжым өз пікірлерін ортаға салды. Кездесуді қорытындылаған А.Таспиховтың сенімді өкілдері кәсіп¬одақ мүшелерін сайлауда белсенділік танытуға, кандидатты қолдауға ша¬қырды. Орлы ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуде І.Баймұқанов ардагер ұстаз Нұрлығайын Нұғмановқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін ұсынды. Мұндай басқосу одан әрі Гагарин атындағы жалпы орта мектебінде жалғасын тапты.

А.Шакупова