Дәрігерлік амбулаториялар жаңартуды қажет етеді

Аудан тынысы

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев Еңбекші, Мақаш ауылдық округтерінде болып, әлеуметтік нысандарды аралады.

Алдымен іссапарын «Құрманғазы» сервистік дайындау орталығынан бастаған аудан басшысы оның жұмыс жасау технологиясымен танысты. Тозығы жеткен Жұмекен дәрігерлік амбулаториясы жаңа ғимарат салуды, Еңбекші жалпы орта мектебінде оқушы санының көптігіне орай қайта жаңғыртуды қажет етілетініжөнінде түйткілді мәселелер ортаға салынды.Бұдан кейін, күрделі жөндеуден өткен «Ақтолқын» бөбекжай балабақшасы, Еңбекші ауылдық клубы, Жұмекен Нәжімеденов атындағы саябақта болған Қайрат Талапұлы олардың жүргізілу сапасына қанағаттанды. Жұмекен пошта байланыс бөлімшесінің қызметкері өзіне қиындық келтіріп отырған жайларды ашып айтты. Аппатық жағдайдағы Еңбекші ауылдық округінің ғимараты да жаңалауды қажет етеді.

Жұмекен су тазалау қондырғысына барған аудан әкімі құжаттарды қайта рәсімдеуде шешімін таппай тұрған біраз мәселелерден хабардар болып,оның алдағы жұмысын назарда ұстауды округ әкімінің міндетін атқарушы Руслан Әмірхановқа, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әділбек Әжіғалиевке тапсырды. Облыстық өкпе аурулар санаториясының басшысы Амантай Арыстанәлиев мұнда 50 адамға емдеу-сауықтыру шараларын жүргізетінін қаперлеп, интернет желісі мүлдем жұмыс жасамайтынын құлағдар етіп, оны іске қосуға ықпал етуді сұрады.

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар