Аудан әкімдігінің командасы жеңіске жетті

Аудан тынысы

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілер арасында аудандық спартакиада өтті.

Оған 50-ге жуық спортшы қатысып, олар футбол, волейбол, стритбол, кір тасын көтеру, армрестлинг және үстел теннисі сынды сайыстың 6 түрінен өзара сынға түсті. Бес күнге созылған жарыстың нәтижесінде аудан әкімдігінің командасы жеңіс тұғырынан көрінді. ІІ, ІІІ орындар аудандық білім бөлімі және №7 өрт сөндіру бөлімінің командаларына бұйырды.

6

Мұрадым Қайсаев,

аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы