Асыл дінімізді уағыздап, салауаттылыққа шақырады

Аудан тынысы

Қазақстанның Халық емшісі Баженов Нұртайдың бүгінгі шарапатты ісін төңірек тегіс құрмет тұтады.

Қазақ деген халыққа ғана тән сынықшылық қасиетімен қиналған жандарға зор көмегін тигізуде. Басқа да түрлі кеселдерден жұртшылықты арашалау қамында бос уақыты жоқ десе де болады. Нұртайдың көмегіне зәру ағайын ауданды былай қойып, алыс Алматыдан, Астанадан, Атыраудан, т.б. аймақтардан көптеп іздеп келеді.

b

Халық емшісі бір ғана ем-дом жасауды місе тұтпайды, алдына келген жандарға және өзі болған жерлер мен ұжымдарда асыл дініміздің артықшылықтарын, Әбу Ханифа – Мәзхаб жолының ерекшеліктерін айтып түсіндіреді. – Түрлі діндердің тармағы, сан алуан ағымдар жастарымызды шатастырып болды, сондықтан асыл дініміз – Исламды өзгелерімен шатастырып алмауды ұғындыру, оны білетіндердің ізгі борышы болуға тиіс. Осы мақсатта бар білгенімді қазақтың жап-жас ұрпағына уағыздауды өмірімнің мәні деп түсінемін,-дейді Нұртай Баженов емші арамызда болған әңгімеде. Ел – жұрттың жанашыры ретінде жастарды жаман әдеттерден де сақтандыру борышын терең сезінген діндар азамат арақ пен темекінің, нашақорлықтың зияндылығын да насихаттаудан жалыққан емес.

n

Осындай еңбегі жоғары бағаланған Нұртай Баженов жақында ғана «Қазақстан Республикасының халық және рухани емшілері» мекемесінің арнайы медалімен марапатталды. «Құртқа Тәуіп» атындағы академияның халықаралық конгресіне қатынасып, сертификатын иеленді. Аталған мекеменің Құрмет гратотасымен еңбектегі жетістіктері, кәсіби борышын адал атқарғаны, дәстүрлі халық медицинасының дамуына белсене қатысқаны үшін марапатталды.

n

Жүрегі елім деп соққан Қазақстанның халық емшісі Нұртайға ерекше қасиетіңмен қиналған жандарды сауықтыра бер, сауапты ісіңмен одан әрі нұрлана түс, демекпіз.

Т.Дәрелұлы