Арыс әскери бөлімнің қоймасында қуатты жарылыс болды

Аудан тынысы

АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, бүгін сағат 9.20-да өртке қарсы қызмет бөліміне Түркістан облысында жарылыс болғаны туралы хабар түскен. «Жарылыс болған жерде Түркістан облысының төтенше жағдайдалар департаментінің жеке құрамынан 30 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген ресми ақпаратта.