Арысқа көмек қолын созды

Аудан тынысы

Аппақ жүректі сәбилерді тәрбиелеп отырған «Балбөбек» балабақшасының ұжымы да қиын жағдайға тап болған отандастарына қолдау білдіруді жөн санады.

Қаймана қазақ күнделікті тірлігіне көшіп жатқан уақытта Түркістан облысынан жеткен жайсыз хабар бүкіл елді дүрліктірді.Бейбіт күннің берекесін бұзып, бүтіндей бір қаланы тұншықтырған оқиғаға кез келген жан бей-жай қарай алмады. Арыс қаласындағы жойқын жарылыс салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге аудан тұрғындары да жұмыла кірісті. Аппақ жүректі сәбилерді тәрбиелеп отырған «Балбөбек» балабақшасының ұжымы да қиын жағдайға тап болған отандастарына қолдау білдіруді жөн санады. Олар «Арыс, біз сіздермен біргеміз!» акциясының есепшотына 45500 теңге аударып, өздерінің қосқан аздаған үлестерін азаматтық борыштары деп санайды. Балабақша қызметкерлері елімізге тыныштық, сәбилерімізге бейбіт өмір тілейді.

А.Шакупова