«Адалдық» дүкені

Аудан тынысы

Мектебімізде «Адалдық» дүкенінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтіп, оның жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылды.

Мұнда оқушылар өздеріне қажетті заттарды сатып алып, ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни дүкенде сатушы жоқ, тұтынушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу – жас ұрпақтың жағымды моральдық қасиеттерін қалыптастырып, парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелейді.

С.Бақтыгереева,

Ш.Уәлиханов атындағы негізгі орта мектебінің аға тәлімгері.