Ұлттық мұра – ұрпаққа ұлағат

(0 Votes)

Аудандық музейде «Рухани мәдениетті дамытудағы аналардың рөлі» тақырыбында аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Мақсаты – ұлттық мәдени құндылықтардың біріктіруші әлеуетін жұртшылыққа жеткізу, оны рухани игеруге бағыттау.

Ұлттық өнер – халқымыздың қолданбалы өнерінің ең биік жетістіктерінің бірі. Осы уақытқа дейін күнделікті тіршілікте қолданылып келген түрлі ою-өрнектер, әшекей бұйымдар – талай ұрпақтың ақыл-ойының жемісі. Осы орайда, бүгінгі аналармен кездесуде қазақ халқының материалдық рухани мәдениеті туралы түсінік беріп, олардың даму барысын бүгінгі жетістіктермен көрсетуді алға қойғаны жөнінде аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова баяндап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жүзеге асырған «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында атқарылған шаралардан, ұлттық мәдениеттің түрлерінен хабардар етті.

Жүргізуші аудандық мәдениет үйінің қызметкері Жазира Сәрсенғалиева қолөнер туындыларының қыр-сырын үйретуде шеберлік сағаттарын өткізу үшін шараның арнайы қонақтарын таныстырды. Мақсаты – сан жылдар сарабынан өтіп, бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан дәстүрді кейінгі буынға насихаттау. Алдымен белгілі қолөнер шебері Қатима Исаеваның ізін жалғастырушы, музей ардагері, Қасиба Сатқалиева анасы 7-ші сыныпты бітіргенде алаша тоқуды үйреткенін, содан бері бұл істі жанына серік еткенін айтып, өрмек құрудың әдіс-тәсілін көрсетті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521