«Әке, бір сағат уақытыңды сатып алайыншы...»

(0 Votes)

«Мерей» бөбекжай балабақшасында «Әкенің аялы алақаны» тақырыбында өткен балабақша педагогтары және әр топтан бір әкеден қатыстырылды.

Тренингті «Ласточка» тобының тәрбиешісі Р.Самиева және балабақша психологі Л.Насипова жүргізіп, тақырыпқа сай жан - жақты мағлұмат берді. «Әке, бір сағат уақытыңды сатып алайыншы» атты бейнеролик көрсетілімі талқыланып, әкелер өз ойларын ортаға салды. «Сиқырлы қоржын» бөлімінде әртүрлі қызықты сұрақтар қойылды. «Әкесі мен баласының бір күндік демалысы» тақырыбында дайындап келген әкелердің әсерлі бейнероликтері көрсетілді. Әкесі мен баласы «Асық ату» ойынын ойнады. Соңында балабақша меңгерушісі Ж.Мұратова қорытындылап, белсенділік танытқандарға алғыс хаттармен марапаттады.

Л.Насипова,

балақбақша психологі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521