Жұмекен атындағы дәстүрлі турнир

(0 Votes)

Төрт күнге созылған турнирдің салтанатты жабылуында облыстық бокс федерациясының атқарушы директоры Батырхан Халықов, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев сөз сөйлеп, спортшыларды орындарына қарай марапаттап, сый-сияпаттар ұсынды.

Сонымен, жекпе-жек нәтижесімен ауданымыздың жас былғары қолғап шеберлері үздік нәтижелерге қол жеткізді.

turnir2

34 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Мажит Биғамбаев (Абай о/м) иеленсе, 38 кг салмақ дәрежесінде Нұрбол Нұрланұлы (Абай о/м) жеңімпаз атанды. 48, 50, 63 кг салмақ дәрежелерінде ІІ орын Шапағат Саясатов (Шортанбай о/м), Хайырғали Шыңғыс (Крупская о/м), Асылан Ариманұлына (Ломоносов о/м) бұйырды. «Үздік боксшы» номинациясына Нұрбол Нұрланұлы (Абай о/м) лайық деп танылды.

turnir3

turnir5

Балғын боксшыларымызды жарысқа дайындаған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Тұрарбек Уахитов, Есбол Байдошев, Нұрлан Сапаралиев, Саябек Мадиевтің еңбектері атап өтуге тұрарлық.

turnir6

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521