Балғын боксшылар бәсекесінде

(0 Votes)

Астрахан қаласында КСРО спорт шебері С.Задорцевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы бүкілресейлік бокс турниріне қатысқан ауданымыздың балғын боксшылары табысты оралды.

Абай атындағы орта мектептің оқушылары Нұрбол Нұрланұлы мен Әділет Болатұлы 38 және 44 келі салмақ дәрежесінде топ жарса, Диас Амангелді(Ломоносов о/м) 36 келі, Диас Қуанышқали(Абай о/м) 40 келі салмақта ақтық сында есе жіберіп екінші орынды қанағат тұтты. Атырау облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектептері арасындағы бокстан облыс кубогында жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте 1 орынды жеңіп алды.

img_20191130_162918

Боксшыларымыз алғашқы кездесуінде қалалық БЖСМ командасын 7:2 есебімен айқын басымжықпен жеңсе, келесіде исатайлық тұрғыластарын 6:3 есебімен ұтты. Жартылай сында Жылыой ауданының командасын 7.2 есебімен тізе бүктірсе, қалалық № 3 БЖСМ командасымен өткен текетіресте 5:4 нәтижесімен аяқталып, жеңімпаз тұғырына жерлестеріміз көтерілді. Команда сапында Алишер Сайлау (Гагарин о/м), Райымбек Төреш (Абайо/м), Диас Амангелді (Ломоносов о/м), Нұрбол Нұрланұлы (Абай о/м), Диас Қуанышқали (Әуезов о/м), Масхад Расулов (Ломоносов о/м), Шыңғыс Қайырғалиев (Крупская о/м), Дінмұхамед Дүйсенбай (Крупская о/м), Аслан Ариманұлы (Ломоносов о/м), Нұрлыжан Маратов (Крупская о/м), Аян Сембайұлы (Гагарин о/м) жұдырықтасты.

Балғын боксшыларды жарыстарға Құрманғазы БЖСМ-нің бокстан жаттықтырушылары Тұрарбек Уахитов, Есбол Байдошев, Нұрлан Сапаралиев дайындады.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521