Ансамбльдің кезекті жеңісі

(0 Votes)

Қанжығамыз тағы да байрақты жүлдемен майланды.

Жақында Атырау қаласында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырумен өткен "Дәстүрлі әуен – өнердің өркені" атты облыстық фольклорлық ансамбльдер байқауында ауданымыздың намысын қорғаған С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі жанындағы "Жиделі" халықтық фольклорлық ансамблі 10 өнер ұжымының ішінен үздік атанды. 

Сонымен қатар, оның құрамындағы таланты өнерпаз, домбырашы Алмазия Жахина "Үздік аспапта орындаушы" номинациясын иеленді.

Қос жеңіске жеткен ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халық ағарту ісінің озық қызметкері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Талапқали Сұлтанмұратұлы бастаған өнер ұжымын шын жүректен құттықтай отырып, жұмыстарына шалқар шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз.

Мейрамгүл Галимова,

С.Көшекбаеватындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521