Ақкөлдік Қабджалеловтер отбасы жеңіске жетті

(0 Votes)

«Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сай аудан мектептері арасында «Әкем, анам және мен – туристік отбасы» атты туристік интелектуалдық спорттық сайысын аудандық спорт кешенінде өткізді.

Ауданымыздың 13 мектебінен 13 отбасы командасы қатысты. Панфилов мектебінен Төлегеновтер, Уалиханов мектебінен Сарсембиевтер, Сарсенбаев мектебінен Бакауовтар, Абай мектебінен Шахымовтар, Бегалиев мектебінен Жаксликовтар, Алтынсарин мектебінен Сдиховтар, Гагарин мектебінен Бимурзаевтар, Гоголь мектебінен Мажитовтар, Энгельс мектебінен Рыскалиевтар, З.Серікқалиұлы мектебінен Есмухамбетовтар отбасы Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті КММ-нің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей туристік отбасылық сайыста басым түсіп, жүлделі ІІІ-ші орынды жеңіп алған Нұржау мектебінің Зиноллаевтар отбасы(әкесі Зиноллаев Айбек, анасы Тәжібаева Әсел, қызы Фатихолла Ақтілек), ал ІІ-ші орынды жеңіп алған Ауезов мектебінің Қабдоловтар отбасы (әкесі Қабдолов Нұрлан, анасы Қабдолова Айкүміс, қызы Нұрланқызы Кәусар) болса, сайысымыздың жеңімпазы болып І-ші орынды жеңіп алған Ақкөл мектебінің Қабджалеловтар отбасы ( әкесі Қабджалелов Расул, анасы Құрманбаева Жанар, қызы Расулқызы Айару).

turizs1

turizm2

Орын алған командалар дипломмен, медальмен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

turizs3

turizm4

abdzhalelovter

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521