Қызылшаның «тұтқыны» болма!

(0 Votes)

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекші маманы А.Умралиева қызылшамен ауруына шалдыққан Атырау облысы бойынша 616, ауданымызда 12 адам тіркеліп, зертханамен расталғанын хабарлайды.

Қызылша – инфекциялық жұқпалы ауру. Уақтылы дәрігерге қаралып, емін дұрыс алмаса, аяғы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Ауданымызда анықталған 12 науқастың 2-еуі – ересек, 10-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің көмегімен дер кезінде медициналық бақылау орнатылып, емі жасалды.

Аурудың басты белгілері – дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас ауруы, ұйқысыздық, тамаққа тәбеттің болмауы, мұрынның бітелуі, көзі қызарып, жарыққа қарай алмауы және 3-8 күнде денені басынан бастап сатылап бөртпе басуы.

Алдын алудың ең тиімді әдісі – екпе алу. 1 және 6 жасында ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жоспарлы егу жүргізіледі. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес ауданымызда 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 9-10 айлық балаларға және 40 жасқа дейінгі ересек адамдарға қызылшаға қарсы екпе жасалуда. Екпе жұмыстары ауылдық амбулаторияларда жүргізілетінін қаперге береміз. Сонымен қатар, ата-аналарға да балаларының саулығына салғырт қарамай, дер кезінде екпе алуды ескертеміз!

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521