«ЖАС ҰСТАЗ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚТЫҢ БАСТАУЫ»

(0 Votes)

Дәл осындай тақырыппен Атырау қалалық білім бөлімі мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ Атырау қалалық комитеті филиалы жас ұстаздардың слетін өткізді.

Слеттің алғашқы күні қаладағы барлық білім беру мекемелерінде еңбек етіп жүрген жас ұстаздардың «Білімдінің кілті – жастарда» атты байқауға арналған көрмесінің қорытындысы тамашаланды.

staz1

Слеттің екінші күні «Жұмыскер» мәдениет үйінде өткен салтанатты жиналысты «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ Атырау қалалық комитеті филиалының төрағасы Б.Ғ. Мусағали сөз сөйлеп ашып, жас ұстаздардың жас ұрпаққа білім беру ісіндегі және қоғамдық жұмыстағы белсенділіктері туралы айтып өтті. Келесі кезекте сөз алған «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Атырау облыстық ұйымы» ҚБ төрағасы Қ.Сүндетұлы, Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Ф.Ғ. Шангереева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, «Парасат» орденінің иегері Қ.Ө. Жүсіп, жалпы білім беретін № 37 орта мектептің мұғалімі Н.Н. Сакесов жас ұстаздар бәйгесінде жеңіске жеткендерге Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.

staz2

Слет соңы ұстаздардың концертіне ұласты.

Сандуғаш ҚАПСИХОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521