«Жас Географ» зияткерлік сайыс

(0 Votes)

Облыстық «Жас географтар» байқауы оқушылардың танымдық ойлау-қабілетін,олардың шығармашылық белсенділігін дамытады.

Қараша айында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық «Жас географтар» байқауы өтті. Ережеге сәйкес конкурсқа жан-жақтан аудандық жарыстардың жеңімпаздары болып табылатын 9-11 сынып оқушылары, яғни ең үздік оқушылар қатысты. 

Осы жылы байқауға мектебіміздің дарынды шәкірттерінің бірі, 11 сынып оқушысы Абдулина Зарина және 9 сынып оқушысы Амангельдиева Ажар қатысты. Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің күші ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Оқушылардың жетекшісі, пәнге қызығушылығын танытқан ұстазы, өз жұмысын шебер білетін білікті маман, зерттеуші-педагог Артмухамбетова Айғаным Абдулаевна.

Біздің «Жас географтар» теориялық мәселелерді шешу кезінде өз көзқарасын дәлелдеп, практикалық тапсырмалар бойынша тиімді жауап бере алды. Бұл сайыс оқушылардан белгілі деректерді жинақтап, географияның әр түрлі облыстарынан білімдерін қолдануды талап етті. Үміт артқан шәкірттеріміз барлық тапсырмаларды үздік орындады және олардың әрқайсысы өз мектебі мен ауданын лайықты қорғауға тырысты, өйткені оқушылар үшін ізденімпаздық және қызығушылық танытқан олимпиада-бұл жай ғана іс-шара емес, жертану,елтану мерекесі болып есептелді.

Нәтижесінде,Сертификат және ІІІ орын иегерлері атанып, мектебін қуантты. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны. Алдағы уақытта терең білімді,озат оқушыларымыз көбейсін!

Қ.Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521