STEM сыныбы ашылды

(0 Votes)

Теңіз ауылдық округінде орналасқан Ю. Гагарин атындағы орта мектепте STEM (ғылым, технология, инженерия, математика) бөлмесі ашылды.

Жаңа сынып барлық заманауи құрылғылармен жабдықталған. Ашылу салтанатына ауданымыздағы білім ұяларының директорлары мен сала ардагерлері қатысты. Сынып алдына керілген лентаны аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева мен М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры Марат Ғилаев қиды.

i

img_9516

Ю.Гагарин атындағы орта мектептің директоры Жамал Хасанова жаңа сыныптың артықшылықтары жайлы түсінік беріп: – STEM сыныбы ең бірінші болып берілген мектептердің қатарында болғанымыз үшін аудандық білім бөліміне рахмет айтамын. Қай саланың да басында ғылым басында тұр. Яғни, біз жаңа технология арқылы балалардың ғылыми түсініктерін мектепте отырып қалыптастыра аламыз. Стандартта берілген ғылым, технология, инженерия, математика пәндеріндегі тақырыптарды осы зертханада өткізуге болады. Ол бүгін тәжірибе жүзінде сіздерге көрсетіледі. Бұл сынып түрлі жобалық тәсілдерді шебер пайдалануға арналған. Оның да үлгісін, қалай жоба жасап жатқандарымызды қазір түсіндіреміз. Жаңа сынып оқушылардың тану, даму белсенділіктерін одан әрі дамытады. STEM сыныбының үлкен мүмкіндігі ғылыми-техникалық білімді өмірмен шебер байланыстырады. Бүгінгі жаңартылған білім берудің негізгі қағидаларының бірі – балалардың функционалдық сауаттылығын арттыруды жолға қояды. Оқушыларды командамен жұмыс жасауға үйретіп, білімге деген қызығушылығын көтеріп, креативті көзқарастарын қалыптастырады. Қазір көргеннен кейін сіздерде де менің сабағымда мына тақырыпты осылай өткізуге болады екен ғой деген ой туындайды, - деді.

img_9521

img_9527

Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева өз сөзінде: – Теңіз ауылында осындай кең де зәулім мектеп бой көтергенде бәріміз төбеміз көкке жеткендей қатты қуандық. Білім ордасында ата-аналардың жаңа форматтағы жұмыстары өтті. Басқа да көптеген игі істер болып жатыр. Соның бірі заманауи қажеттіліктен туындаған, ауданымызда ең бірінші болып осы STEM кабинетінің ашылуы. Гагарин мектебіне берген себебіміз мұнда жақсы идеялар мен тамаша мамандар бар. Нұржан есімді ұстазымыз аудан көлеміндегі санаулы информатиктердің бірі. Осы азамат арқылы мұны жаңағы аталған төрт пән ғана емес, басқаларына да толық пайдалануға болады. Бүгін сіздерді осында жинап отырғанымыз мектеп басшылары арасында STEM технологияның ерекшелігі қандай, қалай пайдалануға болатынан кеңінен насихаттау. Алға қарай бұл күнделікті жұмысымызға ене бастайды, жаңа түрлері де келуі мүмкін, - дей келе сәттілік тілеп, мектеп ұстаздары мен оқушылары осының игілігін көрсін деген ізгі тілегін жеткізді.

img_9532

Мектептің информатика, технология пәндерінің ұстаздары Нұржан Евниенов пен Біржан Қыдырбайұлы жаңа технологияның қолданылуы жайлы түсініктер берді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521