«Jas_daryn_art _ Kazakhstan»

(0 Votes)

2019 жыл Жастар жылы болып жариялануына орай және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру мақсатында Тараз қаласының ұйымдастыруымен Атырау қаласында VI республикалық «Jas_daryn_art _ Kazakhstan» байқауы өтті.

Оған ауданымыздан Дәулеткерей балалар музыка мектебі филиалдарының оқушылары мен «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушісі қатысты. Жан-жақтан жиналған дарындылар арасында құрманғазылықтар топ жарды.

Түрлі аспаптарда ойнаудан оқушыларымыз Ернұр Қанат (ұстазы Заузагүл Даумова), Наргиз Самалбекқызы (ұстазы Гүлвира Қажығалиева), Мерей Асылбекова (ұстазы Сабила Набиева) Нұрсейіт Жеделбекұлы (ұстазы Жазира Мұхамеддинова), Ильяс Әділхан (ұстазы Қабидолла Шарапов), Айна Қазымбек І орын, Іңкар Амантаева (ұстаздары Светлана Бердешова) ІІ орын иеленді.

zharys

«Балбөбек» балабақшасынан 5 жастағы Әлия Елтай қатысып, байқаудан І орын алды. Дайындаған Светлана Бердешева. Болашағынан зор үміт күттіретін балғындарымыздың алға қарай да бағын ашатын осындай сайыстарымыз көбейе берсін, оларды өнерге баулып жүрген тәрбиешелері еңбектерінің жемісін көрсін деген тілектеміз.

Назымгүл Групова, ата-ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521