banerkzbig

Жетістіктерімен қуантып жүр

(0 Votes)

С. Имашев орта мектебінде «Жас батыр» әскери-патриоттық клубына жетекшілік жасайтын бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімі Амантай Масалимов запастағы аға лейтенант шенінде.

Кеңес әскері қатарында борышын өтеп келген соң, 1990-1994 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы пединститут жанынан офицерлік бағдарлама бойынша оқып шықты. Сабақ берген жылдарынан бастап, БӘД пәнінен дайындаған түлектері аудандық көлемде алдыңғы орындарды бермей жүр. Оны өзімен үзеңгілес әріптестері де мойындайды.

skeri-klub1 

Бірқатар жетістіктерін тілге тиек етсек «Жас батыр» әскери-патриоттық клуб құрамасы 2019 жылы мамырда облыстық «Әскери патриоттық көрмеден», «Жас-Ұлан 2019» сайысынан І орын алды. Осы жылдың қарашасында облыстық әскери-қолданбалы спорттан да І-орынды қанжығасына байлады. Айта кету керек оқушылары облыстық «Жас-Ұлан 2019» сайысында АК-оқжатырын жарақтаудан Ю. Кузнецова, Б. Григорьев бірінші орыннан көрінді. «Пневматикалық мылтық атудан» да Ю. Кузнецова І орынды иеленді.

Сондай-ақ, «Тарихи-іздеу, зерттеу жобасы» бойынша Д.Қайырғалиева, тағы да Ю. Кузнецова І-орындарда келеді. Облыстық әскери-қолданбалы спорт түрінен де, АК-74 оқу жаттығу қаруын бөлшектеу, жинақтау бойынша М. Нұрлыбекова, ЖӘҚТ уақытқа киюден Н. Ибраев та І-орынға шықты. Сонымен қатар 2019 жылдың тамызында облыстық әскери-патриоттық шатырлық лагерінің жалпы құрамалық есебі бойынша ІІ орынды алса, соның ішінен Мадина Нұлыбекова «Үздік аспазшы» номинациясымен ұлығыланды. Оқушысы Дария Қайырғалиева республикалық «Айбын-2019» облыс құрамасына қатысты.

skeri-klub2

Айта берсе бұл клубтың жетістіктері көп-ақ, әлі де алар асулары мол. Амантай Мүбәрәкұлы 2018 жылдың қарашасында облыстық «Үздік АӘД пәні оқытушысы» байқауында І-орын алса, биыл Атырау облысы білім беру басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Бір оқушысы қазіргі күні Ақтөбе қаласындағы Т. Бегелдинов атындағы әуе қорғанысы интитутының 4 курс, екіншісі Петропавл қаласындағы ҚР ІІМ-нің Ұлттық Ұлан әскери институтының 2 курс курсанты атанып отыр. Бұл мектептен биылғы жылы да үміткерлер шығады деген сенімдеміз.

А. Салахиденова,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің баспасөз қызметіне жауапты қызметкер

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

strakhovaniya

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
Айнагүл Шакупова

Шакупова Айнагүл
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


zairov

Зайров Қуаныш Ахылбайұлы
- Бет құрушы


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig