Өзара байланыс жалғасын таба береді

(0 Votes)

Қазақстанның батыс аймағы, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары шекаралас жатыр. Кезінде екеуі де Бөкей хан ордасының құрамына кірген.

Қазіргі Рухани жаңғыру, «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты өміршең бағдарламалар екі өңірдің өзара байланыстарына жаңа серпін беріп, араларын бұрынғыдан да жақындата түсті. Азғыр бойына жоғары жылдамдықтағы интернет осы облыстан тартылғалы жатырғанын ақпарат көздері арқылы естідіңіздер. Жақында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында іссапармен барған аудан әкімі Қайрат Нұртаев бастаған құрманғазылық делегацияны Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов құрметпен қарсылады. Сөз басында айта кетейік аталған аудандағы 7 ауылдық округ, 22 елді мекенде 16207 тұрғын бар. Негізгі экономикасы – мал шаруашылығы мен туризм.

bkej-orda1

Сол күні құрманғазылықтар Хан ордасы ауылындағы үш қабатты Жәңгір хан атындағы мектептегі 1991 жылы ашылған мұражайда болып, мұндағы жинақталған жәдігерлермен, білім ордасындағы ІТ сыныбымен танысты. Ауылдағы спорт кешенінде Құрманғазы ауданы мен Бөкей ордасы ауданы командалары арасында волейболдан жолдастық кездесу өтті. Ертеңіне аудан әкімі Қайрат Талапұлы бастаған делегация Жәңгірхан кесенесіне барып дұға бағыштады. 1849 жылы тұрғызылған хан зиратынан тек құлпытасы қалғандықтан ордалықтар 1996 жылы оны жаңғыртуды қолға алған. 1997 жылы 7 қыркүйекте бұл жұмыс аяқталып, ашылу салтанатына Елбасымыздың өзі қатысқан. Сондай-ақ осы қорымда атақты күйші, дарынды сазгер Дәулеткерей мен көрнекі ғалым, тарихшы, этнограф Мұхаммед Салық Бабажановтың кесенелері де орын тепкен. Одан әрі делегация Хан ордасы ауылдық мәдениет үйіне бет бұрды. Осында Құрманғазы және Бөкей ордасы аудандарының әкімдері Қ.Нұртаев пен Н.Рахымжанов бастаған екі ауданның басшылары, мәслихат депутаттары Азамат және Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар, Ордадан шыққан әскери комиссар Бисен Жәнекешов, Кеңес Одағының батыры Маншук Маметова ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

bkej-orda2

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде көршілес екі аудан делегацияларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған ауданның басшысы Нұрлан Рахымжанов қонақтарын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президентіміз Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді орындау бағытында атқарылып жатырған жұмыстар барысынан слайд арқылы хабардар етті. Жер шалғайлығына қарамастан келіп жатқан қонақтарына ризашылығын білдіріп, өзара байланыстарымыз бұрынғыдан да тереңдей берсін деп, ауданымыздың жаңа басшысының жұмысына сәттілік тіледі.

bkej-orda3

bkej-orda4

Өз кезегінде Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев ауданда жасалып жатқан республикалық маңызы бар және ауылішілік жолдардың құрылысы, Азғыр өңіріне газ тарту, өзендердің түбін тереңдету, қыр бойына Батыс Қазақстан облысының Сайхын ауылынан 4G интернет жеткізу жұмыстарынан ақпарат берді. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және іргелес екі ауданның арасында жасалған меморандум аясында экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланыстар жалғасын таба беретініне сенімді екенін жеткізді. Мұның өз кезегінде жастарға отаншылдық тәрбие беруде, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда маңызы зор екеніне тоқталды.

bkej-orda5

Кездесудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін ауылдағы мәдениет үйінде құрманғазылық және ордалық көркемөнерпаздардың бірлескен концерттік бағдарламасы тамашаланды. Сапар барысында құрманғазылық делегация «Орда» ЖШС орман шаруашылығы мекемесінің жұмысымен танысты.

bkej-orda6

Келесі кезекте Бөкей ордасы ауданының әкімі қонақтарын Жәңгір ханның тарихи мұражай кешеніне бастап апарды. Аумағы кең бұл музей қорықта қазақ жерінде алғаш салынған қазынашылық үйі, баспахана, Жәңгір ханның сарайы, қару-жарақ палатасы және басқалары бар. Оларда билеушінің сол кезде тұтынған мүліктері, қару-жарақтары сол күйінде сақталған. Оның бәрін көздің қарашығындай күтіп ұстап, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған ордалық басшыларға құрманғазылық әріптестері ризашылықтарын білдірді.

bkej-orda7

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521