Құрметті аудан тұрғындары!

(1 Vote)

«Жәрдем» арнайы медициналық емдік-диагностикалық поезы үстіміздегі жылдың 12 – 17 қараша аралығында ауданымызда болады.

Елбасы тапсырмасына сәйкес, жоғары дәрежелі медициналық көмек алуға мүмкіндіктері жоқ елді мекендерге көмек көрсету мақсатында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ұйымдастыруымен республика көлемінде «Жәрдем» арнайы медициналық емдік-диагностикалық поезы үстіміздегі жылдың 12 – 17 қараша аралығында ауданымызда болады.

Аталған поезд 2019 жылдың 13 қарашакүні «Афанасьева» разъезінде, 14-15 қарашакүндері «Ганюшкино» станциясына, 16-17 қарашакүндері «Д.Нұрпейсова» разъезінде, сағат 9:00 - 18:00 аралығында келушілерді қабылдайды.

Осы уақыт аралығында білікті дәрігер мамандарға қаралу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

Құрманғазы ауданы әкімі аппараты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521